Иранның үш азаматы Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock

Биыл 24 шілдеде Иранның үш азаматы балық аулау кезінде Каспий теңізі арқылы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Оларды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері ұстаған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-1-бөлігімен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерде қасақана заңсыз кесіп өтуі) қылмыстық іс қозғалды.

Қарақия аудандық сотының үкімімен Иран азаматтарының үшеуі де кінәлі деп танылды. Сот әрқайсысына Қазақстан аумағынан тыс жерге шығарып жіберу арқылы бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерде заңсыз кесіп өту заңда белгіленген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Оқи отырыңыз: 121 адамға Қазақстанға бес жылға кіруге тыйым салынды, арасында радикалдар да бар

Сондай-ақ оқыңыз