Алматы облысында екі баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
"Кайрат" сыграет с "Левски" в Лиге чемпионов: полиция обратилась к болельщикам
Алматы облысында екі баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды / Фото: Kursiv.Media

Алматы облысында екі баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен 65 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің барлығы жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады департамент.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар Қарасай аудандық ауруханасына жеткізіліп, оларға ота жасалған.

«Қазіргі таңда балалардың біреуі хирургия бөліміне ауыстырылды. Екіншісі анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр», – деді басқарма.

Айта кетейік, осыған дейін Жамбыл облысында жүк пойызы теміржолға шығып кеткен 70 қойды қағып кеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз