Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті
Жарияланды

Астананың Сарайшық ауданында, А. Байтұрсынұлы көшесіндегі тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта бес жеңіл көлік өртеніп кетті, деп жазады Kursiv.Media.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут ішінде жеткен. Құтқарушылар келген кезде бес көліктің бәрі ашық жалынмен жанып жатқан. Қатты жел салдарынан өрт жақын тұрған көліктерге тез тараған.
Өрт сөндірушілер жалынды жедел сөндірді, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз: «Бар дүниемнен айырылдым»: шеберханасы өртенген дизайнер халықтан көмек сұрады