Бір күнде екі вице-министр қызметінен кетті

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков пен Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

Айдар Әбілдабеков 2021-2022 жылдары Алматы қаласының Статистика департаментін басқарған. 2022 жылдың қаңтарынан бастап Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары болды.

2022-2023 жылдары Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарып, 2023 жылдың шілдесінен 2025 жылдың тамызына дейін комитет төрағасы қызметін атқарды. 2025 жылдың тамызынан бастап сауда және интеграция вице-министрі болды.

Батырбек Әбдішев 1977 жылы Ақтөбе облысында туған. Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғары шекаралық командалық училищесін бітірген. Арнайы мемлекеттік органдар мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 20 жылдан асады. 2024 жылдың сәуірінен бастап Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін атқарып жүрген.

Әзірге босаған шенеуніктердің қайда баратыны белгісіз.

Оқи отырыңыз: Кім қайда тағайындалды: аптаның басты кадрлық ауыс-түйісі (инфографика)

Сондай-ақ оқыңыз