Литва Беларусьтен ұшырылған ондаған дронды атып түсірді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Беларусьтен ұшырылған дрондар Литваға «шабуылдаған». Олар контрабандалық жолмен темекі тасымалдаған, деп хабарлайды Kursiv.media.         

Nexta ақпаратына қарағанда, «Темекі авиациясы» рекорд жаңартып жатыр.

Жыл басынан бері Литва шекарашылары контрабандалық жүк тиелген 61 дронды ұстаған. Бұл өткен жылдың бүкіл көрсеткішінен де көп. Былтыр мұндай дрондардың саны 59 болған.

Соңғы дрон 3 қазан, сенбі күні Трибоняй ауылының маңында атып түсірілді. Оның жүгінен Беларусьтің акциздік маркалары жапсырылған NZ Gold маркалы 320 қорап темекі табылды.

Дрондармен темекі тасымалының қарқыны күшейген. Шілде айының басында мұндай дрондардың саны небәрі 31 болған. Демек үш айдың ішінде дрондардың саны екі есеге артқан.

Айта кететін жайт, Астанада дрондар арқылы 4 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз