Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
"Кто хочет - найдет!": Бектенов и Минтруда заявили, что в Казахстане полно работы
Семейдің жылу желілері қысқа дайын емес Фото: ҚР үкіметінің баспасөз қызметі

Қазақстанның ірі қалалары жылыту маусымына толық дайын. Тек Семей қаласында жылу желілері уақтылы дайын болмай шықты. Сол себепті премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысы әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қазіргі кезде 11 өңірде жылу беріле бастаған. Бес облыста жылу осы аптаның соңына дейін қосылуы мүмкін.

«Жылыту маусымы жоспарға сәйкес басталды. Оңтүстік және батыс өңірлерде жылу бекітілген кестеге және ауа райы жағдайына байланысты беріледі. Мен жылу көздері мен желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз етуді тапсырған болатынмын. Бір өңірден басқасының бәрі бұл тапсырманы мерзімінде орындады»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, жылу көздерінде отын қоры жасақталып, сондай-ақ жылу және электр желілеріндегі жөндеу жұмыстарының аяқталып жатқанын айтып өтті. Алматы, Шымкент қалалары мен Ұлытау, Жетісу, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жылу беру жүйесіне қосу жұмыстары кестеге және ауа райы жағдайына сәйкес қазан айының соңына дейін жүргізіледі.

Айта кетейік Қазақстанда қазан айы әдеттегіден жылы болуы мүмкін. Елдің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-2°С жоғары болады деп болжанып отыр.  

Сондай-ақ оқыңыз