Қазақстан ЖИ арқылы энергетика нысандарын дрондардан қорғамақ

Қазақстанның электр энергетикасында жасанды интеллект өндірістік қауіпсіздікті арттыру үшін қолданылып жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты. Қазірдің өзінде осы салада 45 ЖИ-жоба бар.
«Электр энергетикасында жасанды интеллект өндірістік қауіпсіздікті арттыру үшін қолданылады. Өндірістік оқиғалар санын 78 пайызға дейін төмендету күтілуде», – деді министр.
Ең алдымен қауіп-қатерлерді анықтау, технологиялық жүйелерді қорғау және кибершабуылдар кезінде мамандардың іс-қимылын пысықтауға мән берілмек.
Екіншіден елдегі энергетика нысандарын ЖИ арқылы дрондардан қорғап, соларды анықтауға басымдық берілмек.
«Екінші бағыт – объектілерді физикалық қорғау, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын анықтау және бейтараптандыру», – деді Ақкенженов.
Бұған дейін егістікті дронмен қорғайтын жаңа технология әзірленгені хабарланған.