Higgsfield ізімен: Қазақстан үш жылда отандық үш unicorn компания шығармақ

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
unicorn компания, стартап, стартап компания, юникорн
фото: shutterstock

Алдағы уақытта Қазақстанда кемінде үш unicorn-компания қалыптасуы керек. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі осылай жоспарлап отыр деп хабарлайды Kursiv Media.

Министрлік unicorn-компаниялар үш жыл ішінде шығуы керек деген жоспар қойып отыр. Қазір елдегі тұңғыш отандық unicorn – Higgsfield компаниясы. 2025 жылы күзде Higgsfield AI стартабының құны 1 млрд доллар деп бағаланып, ел тарихында алғаш рет unicorn стартап мәртебесіне ие болды. 2026 жылы қаңтардағы есеп бойынша, компанияның бір жылдық табысы 200 млн долларға жетті.

Оқи отырыңыз: Тұңғыш отандық unicorn: Цукерберг ұсынысынан бас тартқан Higgsfield AI

Министр Мәдиев баяндамасында Ұлыбританияда Eurasian Hub ашу туралы жоспарын да айтты. Қазір бұл жобаға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Астана мен өңірлерде инфрақұрылымы кеңейтілу үстінде. IT-хабтардың Халықаралық хабтар желісі АҚШ, Қытай, Малайзия жəне Біріккен Араб Əмірліктерін қамтиды.

Ведомство басшысы 2029 жылға қарай IT-экспортты кемінде 2 млрд долларға жеткізу жоспарланып отырғанын да атап өтті. 2025 жылғы жағдай бойынша, бұл көрсеткіш 1,1 млрд доллардан асқан.

Сондай-ақ оқыңыз