Тоқаев Оман Сұлтанын «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.
Мемлекет басшысы бұл шешімді Қазақстан мен Оман арасындағы достық пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан үлесіне байланысты қабылдағанын айтты.
Өз кезегінде Оман Сұлтаны Қазақстан Президентіне Сұлтанаттың ең жоғары мемлекеттік наградасы – Әл-Саид орденін табыстады.
Айта кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мәртебелі мейманды қарсы алу рәсімі өтті.
Сонымен қатар екі ел басшылары Қазақстан-Оман бизнес-форумына қатысады.
Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл-Саидтың Орталық Азияға және Астанаға алғашқы сапары.