Астана полициясы баланың ернінен сүйген бойжеткенді тексеріп жатыр

Көлікте отырған баланың ернінен сүйген бойжеткеннің видеосы желіде қызу талқыланған еді. Енді ол бейнежазбаны Астана полициясы тексеріп жатыр деп хабарлайды Kursiv Media.
Құзырлы органдар дерегінше, кей қолданушылар жазғандай баланы сүйген оның анасы емес, анасының 23 жастағы құрбысы екен.
«Бойжеткенге қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Тексеру біткен соңы құқық қорғау өкілдері болған жағдайға қатысты құқықтық баға береді», – деп хабарлады Астана қаласы, Алматы ауданының полиция басқармасы.
Сондай-ақ полиция жағдайды видеоға түсіріп отырған баланың анасына қатысты шара қолданғанын да ескертті. Ол баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оқи отырыңыз: Астана әуежайында шалбарын шешкен ер адам жауапқа тартылды