Армения парламентінде депутаттар төбелесіп қалды (видео)

Жарияланды (жаңартылды )
Екі партияның депутаттарының келіспеушілігі төбелеске ұласты/ видеодан скрин

Армения Ұлттық жиналысының отырысы кезінде депутаттар арасында сөзге келу төбелеске ұласты, деп хабарлайды Kursiv.Media.  

Оқиға «Армения» және «Азаматтық келісім» фракцияларының депутаттары арасында болған. Жанжал «Армения» фракциясының депутаты Эдгар Казарянның сөз сөйлеуі кезінде басталды.

Парламент спикері Рубен Рубинян оның сөзін талқыланып жатқан күн тәртібіне қатысы жоқ деп, микрофонын өшіріп тастаған. Рубинян депутаттардың баяндамасы күн тәртібі аясында болуы керек екенін айтқан.

Казарян өзіне берілген сөйлеу уақытын қайтаруды талап еткен. Осыдан кейін биліктегі және оппозициялық фракция депутаттары арасында сөз таласы басталып, арты төбелеске ұласқан.

«Азаматтық келісім» фракциясының депутаты Ваһе Галумян Казарянға қарай ұмтылған. Алайда оның жолын «Армения» фракциясының депутаты Вагинак Вартанян бөгеген. Артынша жанжалға басқа депутаттар да араласып, парламент залында төбелес болған.

Оқиғаға байланысты парламент отырысында үзіліс жарияланды.

Микрофоны өшірілгенге дейін Казарян депутаттарға 250 мың драм көлемінде сыйақы төлеу мәселесін көтеріп, Рубинянды сынға алған. Алайда парламент спикері оның сөзін күн тәртібінен тыс деп тоқтатқан.

Тағы да оқыңыз: Ресей әскери базасын әкетсе, Армения қарсы болмайды – Никол Пашинян

Сондай-ақ оқыңыз