Иран президенті ТМД саммитіне алғаш рет қатысады

Жарияланды
Иран президенті Масуд Пезешкиан
Иран президенті қонақ ретінде қатыспақ/фото: shutterstock

Иран президенті Масуд Пезешкиан Түрікменстанда өтетін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысына алғаш рет қатысады, деп хабарлайды Kursiv.media.  

Бұл туралы Ресей президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеген.

«ТМД тарихында алғаш рет кеңейтілген отырысқа Иран президенті Масуд Пезешкиан шақырылды. Ол сондай-ақ Каспий экологиялық саммитіне қатысады», – деді Ушаков.

Оның айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин 8–9 қазан күндері осы іс-шараларға қатысу үшін Түрікменстанға жұмыс сапарымен барады.

Ушаков Путиннің ТМД елдерінің көшбасшыларымен кездесулеріне қатысты пікір білдірді.

Дәстүр бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев та саммитке қатысуы тиіс. Былтыр ТМД басшыларынң саммиті Душанбе қаласында өткен. Отырыста мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері арасындағы сауда-экономикалық байланысты күшейтіп, көлік дәліздерін дамыту және жасанды интеллект саласында бірлескен жобаларды арттыруды ұсынған. Сонымен қатар Каспий теңізін сақтау мен экологиялық қауіптердің алдын алу үшін ортақ шаралар қабылдауға шақырды.

Кейін президент Санкт-Петербург қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне  де қатысты.

Сондай-ақ оқыңыз