Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты

Жарияланды
Судьялар өз еркімен кеткен және басқа қызметке ауысқан/kursiv.media

Құрылтайдың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Президент ұсынған Жоғарғы Сот судьяларын қызметінен босату мәселесін қарады, деп хабарлайды Kursiv.media.  

Комитет қорытындысына сәйкес, Марина Боровик, Нұржан Қайыпжан, Валерий Ноздрин және Мәдениет Омарбекова өз еркімен қызметтен кетуіне байланысты, ал Сәкен Абдолла мен Аслан Түкиев басқа лауазымға тағайындалуына байланысты Жоғарғы Сот судьялары қызметінен босатылды.

Комитет төрағасы Үнзила Шапақ депутаттардан ұсынысты қолдауды сұрады.

Осыған дейін Құрылтай отырысында депутаттар Президентке Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін тағайындауға келісім бергенін жаздық.

Сондай-ақ оқыңыз