Елде ауа райы тұрақсыз болады: қай өңірлерде жаңбыр мен қар жауады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
фото: Делия Айдаралиева

«Қазгидромет» синоптиктері 8, 9 және 10 қазанға ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, шығыста көктайғақ болатыны болжанады. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Сондай-ақ жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Елдің батысында түнде ауа температурасы +5+16°С болып, күндіз +17+22°С-тан +22+27°С-қа дейін жылиды .

Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде ауа температурасы +3+13°С-тан -1-6°С-қа дейін төмендейді, күндізгі +10+27°С болады.

Шығыста түнде ауа температурасы 0,+8°С болып, күндіз +10+15°С-тан +2+7°С-қа дейін төмендейді.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +3+10°С болып, таулы аудандарда 2°С-қа дейін үсік болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +17+25°С, таулы аудандарда +12+17°С болады.

Сондай-ақ оқыңыз