Соғысқа жіберілген қазақстандықтар туралы толық деректер қажет – СІМ

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстан СІМ-і бұқаралық ақпарат құралдарынан тиісті байланыс деректерін таратуға жәрдемдесуді сұрады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Ресейге жұмысқа кетіп, соғыстан бір-ақ шыққан азаматтарды құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету үшін Министрлікке толық ақпарат, яғни олардың тегі мен аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері, сондай-ақ олар жасасқан еңбек шарттарының талаптары туралы мәліметтер қажет.

«Қазақстандықтарды Отанына қайтару жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында СІМ Ресей тарапымен консультацияларды жалғастыруда. Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілімен кездесті. Жақын арада Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесулер өткізеді», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты жедел желілер көрсетілді:

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
📱 +7 (7172) 72-05-00
📧 Dks_ast@mfa.kz

ҚР-дың Ресей Федерациясындағы Елшілігі:
📱 +7 (925) 897-71-14
📧 consul.moscow@mfa.kz

ҚР-дың Астрахань қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (906) 177-70-88
📧 astrakhan@mfa.kz

ҚР-дың Қазан қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (905) 020-30-42
📱 +7 (843) 202 05 92
📧 kazan@mfa.kz

ҚР-дың Омбы қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (968) 100-73-06
📧 omsk@mfa.kz

ҚР-дың Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (939) 919-76-33
📧 ekaterinburg@mfa.kz

ҚР-дың Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (981) 916-25-12
📱 +7 (921)-188-90-60
📧 s-petersburg@mfa.kz

Мұның алдында СІМ Қазақстанның Украинадағы соғысқа жіберілген қазақстандықтарды қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Мұның алдында Сыртқы істер министрлігі бұған байланысты Ресейге нота жолдаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз