Үкімет жәрдемақысына ілінесіз бе: табысыңызды есептеп көріңіз

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

2027 жылдан бастап Еңбек министрлігі жәрдемақы тағайындауға қатысты жаңа өзгеріс енгізеді. Енді 14 түрлі жәрдемақыны барлығы бірдей алмайды. Министрлік отбасының табысы, әл-ауқатына қарай іріктеп береді.

Іріктелетін жәрдемақылар тізімін мына жерден көре аласыз

Отбасының әлеуметтік деңгейін саралау үшін «Отбасының цифрлық картасы» деген жоба негізге алынады. Сол жерде елдегі отбасылар табысына қарай бес санатқа бөлген. Соның ішіндегі әл-ауқат деңгейі «ауқатты» және «қанағаттанарлық» деп есептелетін А және В санатындағы отбасылар жәрдемақы алмайды.

Әлеуметтік әл-ауқаты жалпы 8 бағыт бойынша бағаланады: табыс пен кредиттік міндеттемелер, жылжымалы мүлік, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй және инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы.

Әр көрсеткішке белгілі бір балл беріледі, соңында олардың барлығы қосылып, отбасының жалпы әлеуметтік әл-ауқат деңгейі анықталады. 

Табыс пен кредит

Жан басына шаққандағы табысқа қарай 0-ден 620 балға дейін беріледі. Оны есептеу үшін жалпы отбасылық кірісті сол отбасы мүшелерінің санына бөлеміз. Сонда шыққан сома елдегі күнкөріс минимумынан қанша артық болғанына қарай балл беріледі.

Графика ЖИ арқылы жасалды

Несиеңіз болса, балл төмендегідей есептеледі:

  • кредиттік міндеттемелеріңіз болмаса – 0 балл;
  • кредиттік міндеттемелер болса – минус 50 балл.

Несиеңіздің мерзімі өткен болса, төмендегідей балл беріледі

  • мерзімі 90 күннен аспаған және 1000 теңгеден жоғары кредиттік міндеттемелер бойынша берешек болмаса – 0 балл;
  • отбасының бір мүшесінде 90 күннен асқан және 1000 теңгеден жоғары кредиттік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек болса – минус 250 балл;
  • отбасының барлық мүшесінде 90 күннен асқан және 1000 теңгеден жоғары кредиттер бойынша мерзімі өткен берешек болса – минус 500 балл.

Жеке көлік

Өз атыңызда тіркелген көліктің болу-болмауына байланысты да балл әртүрлі беріледі

Отбасы мүшелерінің жұмыс істеуі

Графика ЖИ арқылы жасалды

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамның болу/болмауы

  • кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адам ретінде тіркелген адам болмаса – 0 балл;
  • жеке кәсіпкер ретінде тіркелген адам болса – 50 балл;
  • жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, акционерлік қоғамның құрылтайшысы ретінде тіркелген адам болса – 100 балл;
  • жеке кәсіпкер, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, акционерлік қоғамның құрылтайшысы ретінде бір мезгілде тіркелген адам болса – 150 балл.

Мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау алуы

Графика ЖИ арқылы жасалады

18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдардың болуы/болмауы

  • мүгедектігі бар адам болмаса – 0 балл;
  • I және/немесе II топтағы мүгедектігі бар адам болса – минус 250 балл;
  • III топтағы мүгедектігі бар адам болса – минус 100 балл.

Бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың немесе мүгедектігі бар баланың болуы/болмауы»

  • тумысынан мүгедек немесе жүре келе мүгедектік пайда болған бала болмаса – 0 балл;
  • тумысынан мүгедек немесе жүре келе мүгедектік пайда болған бала болса – минус 150 балл.

МӘМС-ке тіркелуі

графика ЖИ арқылы жасалды

Динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруы бар адамның болуы/болмауы

  • динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруы бар адам болмаса – 0 балл;
  • динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруы бар адам болса – минус 80 балл.

Диспансерлік есепте тұрған адамның болуы/болмауы

  • диспансерлік есепте тұрған адам болмаса – 0 балл;
  • диспансерлік есепте тұрған адам болса – минус 50 балл.

Білім беру саласындағы қызметтермен қамтамасыз етілу

Балалардың болуы/болмауы және олардың мектепке дейінгі ұйымға тіркелуі

  • мектеп жасына дейінгі балалар болмаса – 0 балл;
  • мектепке дейінгі ұйымға тіркелген балалар болса – 0 балл;
  • мектепке дейінгі ұйымға тіркелмеген балалар болса – минус 50 балл.

Балалардың болуы/болмауы және олардың орта білім беру ұйымына тіркелуі

  • мектеп жасындағы балалар болмаса – 0 балл;
  • мектепке тіркелген балалар болса – 0 балл;
  • мектепке тіркелмеген балалар болса – минус 100 балл.

Тұрғын үй жағдайы және инфрақұрылым

Коммерциялық жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы

  • коммерциялық жылжымайтын мүлік болмаса – 0 балл;
  • коммерциялық жылжымайтын мүлік болса – 100 балл.

Елдімекеннің мәртебесі критерийі бойынша

  • астана, республикалық маңызы бар қала санатына жататын елдімекенде тіркелсе – 70 балл;
  • облыстық маңызы бар қала санатына жататын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркелген болса – 0 балл;
  • аудан, аудандық маңызы бар қала санатына жататын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркелген болса – минус 30 балл;
  • ауылдық округ санатына жататын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркелген болса – минус 50 балл;
  • ауылдық елді мекен санатына жататын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркелген болса – минус 70 балл;
  • тіркеу болмаса – минус 100 балл.

Ауыл шаруашылығы саласы

Графика ЖИ арқылы жасалды

Жер учаскесінің болуы/болмауы

  • жер учаскесі болмаса – 0 балл;
  • жер учаскесі болса – 150 балл.

Шыққан баллды мына жердегі санат бойынша салыстырып қараңыз. Егер «С» – «Е» санатына жатсаңыз, cіз жәрдемақыға ілінесіз деген сөз.

Тағы да оқыңыз →
Үкіметтің жәрдемақысынан кімдер айырылуы мүмкін (инфографика)
Сондай-ақ оқыңыз