Бұрынғы шіркеу қызметкері Иаков Воронцов 4 жылға сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Бұрынғы дін қызметкері Иаков Воронцов 4 жылға сотталды / Фото: Kursiv.media/ Елизавета Воронина

Алматыда бұрынғы дін қызметкері Иаков Воронцов психотроптық затты заңсыз сатып алып, сақтағаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Іс қаланың Медеу аудандық сотында қаралған. Сот мәліметінше, Воронцов тұрған үйді тінту кезінде 2,44 грамм 3-CMC психотроптық заты табылған. Сот оны аса ірі мөлшер деп бағалаған.

Воронцов бастапқыда алты жылға сотталған. Алайда жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық заңына сәйкес, жазаның үштен бірі қысқарып, төрт жыл болып белгіленді.

«Жаза үштен бірге қысқартылып, түпкілікті төрт жыл бас бостандығынан айыру түрінде белгіленді», – делінген сот хабарламасында.

Сот оның кінәсі куәгерлердің жауабы, сараптама қорытындылары және тінту хаттамасы арқылы дәлелденгенін хабарлады. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Бұған дейін Воронцовқа қатысты қылмыстық іс әлеуметтік желіде оның есірткі затын дайындап, қолданғаны бейнеленген видео тарағаннан кейін қозғалған. Сонымен қатар, 2026 жылғы ақпандағы медициналық тексеру оның каннабиноид қолданғанын анықтаған. Осыған байланысты оған бұған дейін 10 тәулік әкімшілік қамау тағайындалған.

Сондай-ақ оқыңыз