ДДСҰ Ресейдегі оба институтындағы екінші науқас туралы мәлімет сұрады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
ДДСҰ Ресейдегі оба институтындағы екінші науқас туралы мәлімет сұрады / Фото: pexels, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Ресейдің Иркутск қаласындағы обаға қарсы институт қызметкерінің ауыр пневмониямен ауруханаға түсуіне байланысты Ресей билігінен қосымша ақпарат сұратты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Қайтыс болған екінші адам осымекемеде жұмыс істеген 28 жастағы Дарья Шипилова болған. Оның 2 қазанда қайтыс болғаны белгілі. Ресей билігі оның өлім себебін шығу тегі анықталмаған пневмония деп атады.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус ұйымға қайтыс болған әйелдің ауыр пневмониясының себебі және билік енгізген сақтық шараларына қатысты мәліметтер қажет екенін айтты.

Ресейдің Роспотребнадзор ұйымы Иркутск облысында оба ауруының расталған жағдайы тіркелмегенін хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, жүргізілген 5 мыңға жуық зерттеуден қауіпті қоздырғыштар анықталмаған. Карантинге алынған шамамен 200 адамның 90 пайызы үйлеріне жіберілген.

Әлеуметтік желілерде Шипилова зертханада оба қоздырғышы бар сынауық сынғаннан кейін жұқтырған деген болжам тараған. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмаған. Роспотребнадзор екі комиссия зертханада патогенді микроорганизмдердің таралу белгілерін анықтамағанын мәлімдеді.

Бұған дейін Иркутск облысында обаға қарсы институт қызметкері қайтыс болғаннан кейін онымен байланыста болған адамдар карантинге жіберілген. Алайда жергілікті билік қауіпті диагноз әзірге расталмағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз