Шымкентте банкет залында жұмыс істеп жүрген 13 жастағы оқушы қайтыс болды

Шымкентте банкет залында жұмыс істеген 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Полиция тексеру барысында баланың ауруы салдарынан көз жұмғанын анықтады, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Жергілікті Отырар басылымының ақпаратына сүйенсек, оқиғадан кейін мекеме иесіне қатысты еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік шара қолданылды.
«Жасөспірімнің өлімі ауруына байланысты болғаны анықталды. Сонымен қатар тексеру кезінде анықталған еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша банкет залының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Шымкент полициясы.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, балалар 14 жастан бастап оқуына кедергі келтірмейтін және денсаулығына зиян келтірмейтін жұмысты атқара алады. 14 жасқа толмаған балаларға тек шығармашылық және мәдени іс-шараларға қатысуға рұқсат етіледі.