Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды / Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды. Мемлекет басшысын әуежайда Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Тоқаев 8–9 қазан күндері Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазада өтетін бірқатар халықаралық жиынға қатысады.

Фото: Ақорда

Сапар бағдарламасына Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуі, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы және Каспий экологиялық саммиті енгізілген.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев 2025 жылғы желтоқсанда Ашхабадқа Бейбітшілік пен сенім форумына қатысу үшін барған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз