Tether компаниясы мен Ұлттық банк теңгеге байланған стейблкоин шығаруы мүмкін

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Tether компания теңгеге байланған стейблкоин шығара ма / Фото: shutterstock

Әлемдік нарыққа стейблкоин шығаратын Tether компаниясы Ұлттық банк және Алатау қаласының әкімшілігімен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Компания мәліметіне сәйкес, тараптар теңгеге байланған жаңа стейблкоин шығару мүмкіндігін зерттейді. Бұл құрал ұлттық валютадағы есеп айырысу мен цифрлық активтер нарығын өзара байланыстырады.

Келісімнің екінші бағыты — нақты активтерді токенизациялау. Ол үшін Hadron by Tether платформасын пайдалану жоспарланған. Алғашқы сынақ жобалары Алатау қаласының аумағында өтеді.

Сонымен қатар Tether мамандары Ұлттық банк пен мемлекеттік орган өкілдеріне арнайы оқыту семинарларын өткізбек. Қатысушылар цифрлық активтерді басқару және резервтерді реттеу бойынша тәжірибе жинақтайды.

Қазіргі уақытта тараптар тек дайындық пен зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жаңа стейблкоин қашан шығатыны нақтылаған жоқ.

2026 жылғы 1 мамырынан цифрлық активтер айналымы толықтай заңды шеңберге өтіп, мемлекет реттейтін болды. Ұлттық Банк пен тиісті мемлекеттік органдар енгізген өзгерістер криптовалюталар мен цифрлық қаржы активтерін «көлеңкелі аймақтан» шығарып, инвесторлар үшін сенімді әрі ашық орта қалыптастыруға бағытталған.

Соған сәйкес, стейблкоин мен токен шығарып, сататын провайдерлер арнайы лицензия алуы керек.

Сондай-ақ оқыңыз