Жетісуда 2,3 мың гектардан астам жер үш ирандыққа тиесілі болған

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Назарбаевтың жері тағы да өтпей қалды
Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Жетісу облысында шетелдік қатысуы бар компанияның 2,3 мың гектардан астам жері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Kursiv.media.  

Бас прокуратураның мәліметінше, бұл жердің құны – шамамен 50 млн теңге. Шетелдік қатысуы бар жеке компанияның заңсыз иелігінде болған. Осы ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару туралы шешім қабылданған.  

«Жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында аталған жер учаскелері иелігінде болған заңды тұлғаның құрылтайшылары Иранның үш азаматы екені анықталды. Жер учаскелері Ескелді ауданында орналасқан және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын бұза отырып берілген», – делінген хабарламада.

Мемлекет мүддесін қорғау мақсатында Ескелді ауданының прокуратурасы жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Сот талап арызды қанағаттандырып, 2,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару туралы шешім қабылдады. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кететін жайт, Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында прокуратура рейд барысында 30-дан астам заң бұзушылықты анықтады.

Сондай-ақ оқыңыз