«Қайрат» футбол клубы португалиялық Жоржиньомен келісімшартын ұзартты

Алматылық «Қайрат» футбол клубы португалиялық шабуылшы Жоржиньомен келісімшартын ұзартты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа келісім бойынша 2026 жылғы маусымда ауыр жарақат алған футболшы 2027 жылдың соңына дейін алматылық команда сапында өнер көрсетеді.
Биылғы маусымда Жоржиньо «Қайрат» құрамында 23 матч өткізіп, 9 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. Ол команданың шабуыл шебіндегі нәтижелі ойыншыларының бірі болды.
Алайда 26 шілдеде португалиялық футболшы ауыр жарақат алып, ұзақ уақытқа алаңнан тыс қалды. Содан бері ол ресми кездесулерге қатысқан жоқ.
Қазір Жоржиньо клубтың медициналық штабының бақылауымен оңалту курсынан өтіп жатыр. «Қайраттың» мәліметінше, шабуылшы 2027 жылы жаттығуға қайта оралуы тиіс.
Осылайша, алматылық клуб жарақатына қарамастан португалиялық футболшымен ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылдады.