Алматыда тағы бір интімдік қызмет көрсетілген орын жабылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматыда тағы бір интімдік қызмет көрсетілген орын жабылды / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Алматының Алмалы ауданында полицейлер ақшаға интимдік қызмет көрсеткен екі әйел болған пәтерді анықтады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қазір пәтерде заңсыз қызметтің қалай ұйымдастырылғаны тексеріліп жатыр.

«Желтоқсан көшесіндегі пәтерден Қарасай ауданының 35 жастағы тұрғыны мен Қостанай облысынан келген оның 20 жастағы танысы анықталды. Екеуі де жезөкшелікпен айналысқанын мойындады. Олар аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», – деді полиция.

Ведомство өкілдері пәтер иесі тұрғын үйдің жезөкшелікпен айналысу үшін пайдаланылғанын білгені анықталса, оның да жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Бұған дейін Алматыда жалдамалы пәтерде интимдік қызмет көрсету орнын ұйымдастырды деген күдікпен тағы төрт әйел анықталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз