Қырғызстан қант импортына алты айға тыйым салуды жоспарлап отыр

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қырғызстан қант импортына алты айға тыйым салуды жоспарлап отыр / Фото: shutterstock

Қырғызстан билігі ақ қант импортына алты ай мерзімге уақытша тыйым енгізуді ұсынып отыр. Тиісті қаулы жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бұл елдегі қант қызылшасын өсірушілер мен қант зауыттарын қолдауға бағытталған. Шектеуді 2026 жылғы жергілікті өнімді өңдеу және сату кезеңінде енгізу ұсынылған.

Қант импортының күрт өсуі мен шетелдік өнім бағасының төмендеуі осы шешімге себеп болған. 2026 жылғы қаңтар–шілде аралығында Қырғызстанға 66,9 мың тонна қант импортталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есе көп.

Қанттың негізгі жеткізушілері – Бразилия (29,96 мың тонна), Ресей (21,23 мың тонна), Әзербайжан (8,63 мың тонна), Қазақстан (3,86 мың тонна) және Беларусь (2,03 мың тонна).

Билік импорттың көбеюі жергілікті өнімге сұранысты азайтып, қант қызылшасын өсіретін шаруашылықтардың табысына кері әсер етуі мүмкін деп есептейді.

Ұсынылып отырған тыйым Қырғызстан арқылы транзитпен өтетін ақ қантқа, кері экспортқа, «экстра» санатындағы қантқа және шектеу күшіне енгенге дейін жөнелтілген жүктерге қолданылмайды.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда астық пен қантты биржа арқылы сату талабы өзгерген еді.

Сондай-ақ оқыңыз