Софья Самоделкина Алматыдағы Денис Тен мемориалының қола жүлдесін алды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Софья Самоделкина набрала 204,36 балла и заняла третье место на Мемориале Дениса Тена в Алматы. Победила Александра Игнатова (Трусова).
Софья Самоделкина Алматыдағы Денис Тен мемориалының қола жүлдесін алды / Фото: ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Алматыда өткен Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Sport.

Ол екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 204,36 ұпай жинады.

ISU Challenger сериясына кіретін турнирде бірінші орынды бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Александра Игнатова (226,01 ұпай) иеленді. Оңтүстік Корея өкілі Ким Юджэ 209,20 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстандық спортшылар арасында Самоделкинадан бөлек тағы бес мәнерлеп сырғанаушы бақ сынады. Нұрия Сүлеймен 122,40 ұпаймен 14-орынға, Алика Халимова 120,56 ұпаймен 15-орынға тұрақтады. Амира Ирматова 117 ұпаймен 16-орын алса, Зере Сарбаллина 108,73 ұпаймен 18-орынға, Амина Алексеева 98,20 ұпаймен 19-орынға орналасты.

Айта кетейік,о сыған дейін Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров әлемнің ең үздік үш фигурисінің қатарына кірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз