Тоқаев Қарулы Күштерге тағы бір ауыс-түйіс жүргізді

Тоқаев Саят Исановты Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы етіп тағайындады деп хабарлайды Kursiv Media
«Мемлекет басшысының өкімімен Саят Серікқазыұлы Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – деп жазылған Ақорда таратқан хабарламада.
Бұған дейін бұл қызметте 2024 жылы тағайындалған Айдос Мырзахметов отырған еді. Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін ол жаңа қорғаныс министрі атанды. Енді екі аптаға жуық бос тұрған орынға Исанов келді.
Айта кетейік, Маңғыстаудағы сарбаздар өлімінен кейінгі кезекті ауыс-түйіс. Үшінші қазанда Қорғаныс министрінің екі орынбасары мен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметінен босатқан. Ал алтыншы қазанда Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.