Трамп пен Путин дизель тасымалына қатысты жаңа келісім жасады

Ресей мен АҚШ дизель отынын Америкаға және әлемдік нарыққа жеткізу туралы келісімге келді. Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазды деп хабарлайды Kursiv Media.
Ақ үй басшысының сөзінше, Ресей жақын арада АҚШ пен әлемдік нарыққа 300 мың тоннадан астам дизель отынын жеткізеді. Қарашада тағы 500 мың тонна, ал одан кейін 1 млн тонна отын жөнелтіледі. Сонымен қатар, Ресей мұнай өңдеу зауыттарының жағдайына қарай, қысқа мерзімде қосымша 3 млн тонна отын жеткізуі керек деп мәлімдеді Трамп.
Оның айтуынша, Ресейден энергия ресурстарын жеткізу және АҚШ-тың Ормуз бұғазын «толық бақылауға алуы» нәтижесінде дизель отынының бағасы америкалықтар үшін де, әлем бойынша да айтарлықтай төмендейді.
Екі президент 9 қазанда телефон арқылы сөйлескен. Трамп Путинмен әңгіме сәтті өтті деп баға берді, дегенмен Украинадағы соғысқа қатысты тың мәліметтер айтқан жоқ. Бұған дейін қазанда Ақ үй басшысы соғыс аяқталуға жақын қалды деген. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марк Рубионың сөзінше, қазір мәселе тығырыққа тіреліп тұр. Соғысты не бейбіт келісімдер немесе эскалация арқылы ғана бітіруге болады дейді ол.