Көпқабатты пәтердегі үш бала қайтыс болған өрт себебі анықталды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің редакторы
Пожар в центре опасных инфекций в Алматы пытаются связать с чумой в России
фото: ТЖМ

Үш баланың өмірін жалмаған Астанадағы «Көркем-3» тұрғын үй кешеніндегі өрт себебі анықталды. ТЖМ мәліметінше, өрт балалардың ойынынан шыққан, деп жазады Kursiv.Mediа КТК арнасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасарыРуслан Қайрақбаевтың сөзінше, қазір қылмыстық іс тоқтатылды.  Оның айтуынша, өрт пәтердің ішінен шыққан.

«Өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болған. Өрт ошағы пәтердің ішінде болған», – деді Қайрақбаев.

Тергеу қорытындысы оқиғадан кейін шамамен жарты жыл өткен соң белгілі болды.

Еске салайық, 2026 жылдың 12 сәуірінде Есіл ауданындағы 21 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, үш бала қайтыс болды. Оқиға Түркістан көшесінде орналасқан «Көркем» тұрғын үй кешенінде болған.

Көршілердің сөзінше, өрт түнгі бірлер шамасында шыққан. Үш бала өрт сөндірушілер келгенге дейін пәтерде қайтыс болған.

Сондай-ақ оқыңыз