Перуде бір көшеге уақытша BTS тобының атын берді

Оңтүстік Кореяның BTS тобы дебют жасағаннан бері алғаш рет Перуге барды. Осыған орай ел астанасы Лима қаласында бір көше атауы өзгертілді деп жазады Kursiv Media.
Топ әлемдік ARIRANG туры аясында Сан-Маркос стадионында үш күн концерт өткізді. BTS құрметіне 5–11 қазан аралығында Сантьяго-де-Сурко ауданының әкімшілігі Сакраменто көшесінің атауын уақытша «BTS Avenue» деп өзгертті. Сондай-ақ көшеге арнайы белгі орнатылды.

Қаладағы танымал орындар да топтың фирмалық күлгін түсімен безендірілді. Достық саябағындағы Мавр аркасы арнайы жарықпен көмкерілді.
Перуге дейін BTS Оңтүстік Америкадағы туры аясында Колумбияда болған. Богота қаласындағы Эль-Кампин стадионында 2 және 3 қазанда өткен концерттерге 100 мың көрермен жиналды. Ал жергілікті Rolling Stone en Español басылымы бұл шоуды тұтас бір буын асыға күткен концерт деп бағалаған.
Оқи отырыңыз: BTS «Грэммиге» бойкот жариялады: Димаш Азияның үздік поп-музыканты атана ма