Қайрат Нұртастың концертінен кейін 18 жастағы қыз ауыр жағдайда ауруханаға түсті

10 қазанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен қызға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Кейін оны жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізген.
«Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы мамандардың бақылауында», – делінген хабарламада.
Әзірге қыздың концерт кезінде қандай жағдайда жарақат алғаны және жарақатының сипаты туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Оқиғаның нақты мән-жайы белгісіз.
Бұған дейін, Freedom Афиша Қайрат Нұртас концертіндегі оқыс жайт себебін анықтауға атсалысатындарын мәлімдеді.