Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертінде 8 адамға медициналық көмек көрсетілген

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
скорая помощь - ии
Фото: Shutterstock

Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті кезінде сегіз адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың жетеуі дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілген. Ал ауруханаға түскен 18 жастағы қыздың жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

10 қазанда Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы стадионда өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде сегіз адам медициналық көмекке жүгінген.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер жеті адамды тексеріп, үйлеріне қайтарған. Ал 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

«11 қазан күні таңертең науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Дегенмен жағдайында аздаған жақсару бар. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Науқас мамандардың бақылауында», – деп хабарлады басқарма.

Бұған дейін концерт кезінде 18 жастағы қыз жарақат алып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгені хабарланған еді.

Концерт ұйымдастырушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыз