Шымкенттегі оқиғадан кейін Қайрат Нұртастың концерттеріне билет сату тоқтатылды

Жарияланды 11 Қазан 2026 13:36

(жаңартылды 12 Қазан 2026 09:47)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
коллаж: kursiv.media

Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті кезінде 18 жастағы қыздың жарақат алуынан кейін әншінің алдағы концерттеріне билет сату уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Freedom Ticketon билет сату сервисі хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

«Шымкенттегі жағдайға байланысты Қайрат Нұртастың концерттеріне билет сатылымы уақытша тоқтатылды. Ресми парақшамызды оқып жүріңіз, қосымша хабарлаймыз», – делінген Ticketon хабарламасында.

Әзірге билет сатылымының қашан қайта басталатыны белгісіз.

Еске салайық, 10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпаcұлы атындағы стадионда өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде адамдар қысылып, сегіз адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың жетеуі тексеруден кейін үйлеріне жіберілді. Ал жарақат алған 18 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға байланысты полиция қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ оқыңыз