Кім келді, кім кетті: өткен аптадағы басты кадрлық ауыс-түйістер

Жарияланды
Кадрлық ауыс-түйістер / фото: Kursiv Media

Қазақстанда 5-11 қазан аралығында орталық мемлекеттік органдар мен өңірлерде бірнеше маңызды кадрлық өзгеріс болды. Аптадағы негізгі ауыс-түйістің көбі қорғаныс және төтенше жағдайлар саласына қатысты. Kursiv.Media басты тағайындаулар мен қызметтен кеткендерді жинақтап берді.

Қорғаныс министрлігінде ауыс-түйіс жалғасты

Айтқұрман Омарбеков Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды.

Ол бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметін атқарған.

Омарбековтің орнына Азамат Хасенов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды.

КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС

Аптадағы басты тағайындаулар

5–11 қазан 2026 жыл
1
Айтқұрман Омарбеков
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы
5 қазан
2
Азамат Хасенов
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары
5 қазан
3
Марғұлан Аманбаев
ТЖМ аппаратының басшысы
5 қазан
4
Айдар Жарылғанов
Әділет вице-министрі
5 қазан
5
Азамат Есқараев
Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі
5 қазан
6
Ырысқали Дәуренбек
«Отандастар қоры» КЕАҚ президенті
5 қазан
7
Татьяна Савельева
Қорғаныс министрінің орынбасары
7 қазан
8
Берген Жұмкей
Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімі
7 қазан
9
Саят Исанов
Қарулы Күштер Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы
10 қазан

Татьяна Савельева Қорғаныс министрлігіне барды

Құрылтай депутаты болған Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Савельева бұған дейін Қаржы министрлігінде жұмыс істеп, 2016-2023 жылдары қаржы вице-министрі болған. Кейін Мәжіліс пен Құрылтай депутаты қызметін атқарды. Ол Қазақстан тарихында қорғаныс ведомствосы басшылығына келген екінші әйел болды.

Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы келді

10 қазанда Саят Исанов Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

Бұл қызметті бұған дейін қазіргі Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов атқарған.

ТЖМ аппаратының басшысы ауысты

Марғұлан Аманбаев Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Ол бұған дейін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментін басқарған.

Сонымен бірге Үкімет Батырбек Әбдішевті төтенше жағдайлар вице-министрі, Айдар Әбілдабековті сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатты.

Әділет министрлігіне жаңа вице-министр келді

Айдар Жарылғанов Әділет вице-министрі болып тағайындалды.

Ол бұған дейін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімін басқарған.

Ал сол бөлімнің жаңа меңгерушісі болып бұрынғы Әділет министрі Азамат Есқараев тағайындалды.

«Отандастар қорын» Ырысқали Дәуренбек басқарады

Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті болып тағайындалды.

Ақмола облысында аудан әкімі ауысты

Берген Жұмкей Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ол бұған дейін Қосшы қаласы әкімінің орынбасары болған.

Жоғарғы Соттың алты судьясы қызметінен кетті

Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты. Марина Боровик, Нұржан Қайыпжан, Валерий Ноздрин және Мәдениет Омарбекова отставкаға кетсе, Сәкен Абдолла мен Аслан Түкиев басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ оқыңыз