«Қолдауларыңызға рақмет, Қазақ елі»: Дастан Сәтбаев жарақатынан кейін алаңға оралды

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев жарақатынан кейін алғаш рет алаңға шықты. Ол Англиядағы «Уотфорд» пен «Бернли» арасындағы кездесуде қосалқы құрамнан ойынға қосылды, деп хабарлайды Kursiv Media.
Жарақатына байланысты бір айдан астам уақыт алаңға шыға алмаған қазақстандық шабуылшы «Уотфордқа» қарсы матчта қайта жасыл алаңға оралды.
Ойыннан кейін Дастан Сәтбаев Instagram парақшасында кездесуден түсірілген суреттерді жариялады. Фотолардың бірінде трибунада Қазақстанның көк туын ұстап, футболшыға қолдау көрсеткен жанкүйерлерді көруге болады.
«Қолдауларыңызға рақмет, Қазақ елі! Up the Clarets, we keep going!» – деп жазды Сәтбаев.
Ағылшын тіліндегі жазбасында футболшы «Бернлиге» қолдау білдіріп, командасымен бірге алға жылжи беретінін жеткізді.
Оқи отырыңыз: «Өте дарынды жігіт»: президент Тоқаев Дастан Сәтбаев туралы айтты