Ақордада мәслихат жұмысын мерзімінен бұрын тоқтату жайы талқыланды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: Серикжан Ковланбаев

Ақордада барлық деңгейдегі мәслихаттың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі талқыланды. Ресми ақпаратқа сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен консультация өткізген.

«Президент азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін мәслихаттардың толыққанды жұмысы маңызды екенін айтты», – делінген ақпаратта.

Кездесуде премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай мәселеге қатысты ойын айтты. Нәтижесінде президент пікірлерді ескеріп, түпкілікті шешім қабылдайтынын жеткізген.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының санын айқындау тәртібіне өзгерістер енгізді. Қаулыға сәйкес, облыстық мәслихаттарда халық саны 300 мың адамға дейін болған жағдайда 26 депутат, ал Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда халық саны 1,1 миллион адамға дейін болған кезде 30 депутат қарастырылады. 

Халық саны артқан сайын депутаттар саны да белгіленген тәртіппен көбейеді. 

Сондай-ақ оқыңыз