Өлім жазасы кезінде екі рет тірі қалған әйел түрмеге оралды

Жарияланды
Ирак түрмелерінде 6 қазақ әйелі қамауда отыр
Ол екі рет инъекциядан өлмеді/ kursiv.media архиві

АҚШ-тың Теннесси штатында өлім жазасын орындау кезінде аман қалған 50 жастағы Криста Пайк ауруханадан шығып, қайтадан түрмеге оралды, деп жазады Kursiv.Media. 

Қазір әйел соңғы 30 жыл бойы жазасын өтеп келген Дебора К. Джонсон атындағы әйелдерді түзеу орталығында жатыр. Адвокаттарының айтуынша, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Ол осындай ерекше жағдайда көмек көрсеткен жедел қызмет мамандары мен медицина қызметкерлеріне алғыс білдіреді. Қазір де түрмеде медициналық көмек алып жатыр, біз оның сауығу барысын бақылауды жалғастырамыз», – делінген адвокаттардың мәлімдемесінде.

1996 жылы Криста Пайк жігіті Тадарил Шипппен бірге кісі өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген. Үкімді орындау 2026 жылғы 30 қыркүйекке белгіленген. Егер жаза орындалғанда, ол Теннесси штатында соңғы 200 жылда өлім жазасына кесілген алғашқы әйел болар еді.

Алайда процедура сәтсіз аяқталып, әйел өлімге әкелетін препараттың екі инъекциясынан кейін де тірі қалған. Ол ауруханаға жеткізіліп, 6 қазанда есін жиған.

Медицина мамандарының алдын ала болжамынша, сәтсіз процедураға катетерлердің дұрыс орнатылмауы себеп болуы мүмкін. Соның салдарынан өлім жазасында қолданылған пентобарбитал препараты тамырға түспей, айналасындағы тіндерге жиналған болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз