Данияда мұғалімдерге оқушыларға күш қолдануға рұқсат беру ұсынылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қазақстанда салынып жатқан 232 жаңа мектеп үш ауысымды оқыту мәселесін шешеді / фото: KursivMedia мұрағаты
Данияда мұғалімдерге оқушыларға күш қолдануға рұқсат беру ұсынылды / фото: KursivMedia мұрағаты

Данияда қауіпсіздікке қатер төнген немесе сыныптағы тәртіп өрескел бұзылған жағдайда мұғалімдерге оқушыларды күшпен ұстап, сыныптан шығаруға рұқсат беру ұсынылды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

DW хабарлауынша, Данияның білім министрі Магнус Хеунике жаңа заң жобасы оқушылар өзіне немесе айналасындағыларға қауіп төндіргенде, сондай-ақ, сабақтағы тәртіпті өрескел түрде бұзғанда мұғалімдерге әрекет етуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, ұсыныс қол көтеруге рұқсат беруді көздемейді. Оның сөзінше, мұғалімдер жағдай ушыққан кезде қандай әрекет жасауға құқылы екенін нақты білуі керек.

«Мұғалімдер зорлық-зомбылықтың алдын алғаны үшін жұмыстан шығарылудан қорықпауы керек», – деді Магнус Хеунике.

Заң жобасын әзірлеуге Дания мектептерінде оқушылардың агрессивті және деструктивті мінез-құлқы жиілегені туралы хабарламалар себеп болған.

Данияның Еңбек инспекциясы жүргізген зерттеуге сәйкес, сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің төрттен бірінен астамы оқушылар осындай әрекеттерге жиі тап бола бастағанын айтқан. Сонымен қатар, әрбір бесінші сыныптың шамамен бірінде зорлық-зомбылық мұғалімдерге бағытталғаны анықталған.

Айта кетейік осыған дейін Францияда 14 жастағы оқушы мектеп директоры мен мұғалімге оқ атқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз