ТЖМ тікұшағы Миялы ауылындағы науқасты Атырауға жеткізді

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
ТЖМ тікұшағы Миялы ауылындағы науқасты Атырауға жеткізді / Фото: Асқар Ахметуллин

Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылынан шұғыл көмекке мұқтаж 18 жастағы науқас тікұшақпен Атырауға жеткізілді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, медициналық эвакуацияны «Қазавиақұтқару» ұшқыштары санитариялық авиация дәрігерлерімен бірлесіп жүзеге асырды.

Ұшу кезінде экипаж қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Ал медицина қызметкерлері жол бойы науқастың жағдайын үздіксіз бақылап отырды.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы маңында Іле Алатау сілемдерінде жарақат алған екі ресейлік альпинист Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару тікұшағымен құтқарылды.

Сондай-ақ оқыңыз