Ақан Сатаев Маңғыстауда Төремұрат батыр жайлы фильм түсіріп жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Ақан Сатаев
Ақан Сатаев / фото: Sputnik

Маңғыстау облысында Төремұрат батырдың өмірі мен ерлігі туралы «Қан мен Серт» атты тарихи фильм түсіріліп жатыр. Бұл туралы Kursiv.Media Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап жазады.

Қазір түсірілім тобы Бейнеу ауданында жұмыс істеп жатыр. Фильмнің кейбір көріністері табиғат аясында, тарихи орындарда түсіріледі.

Картина режиссері – Ақан Сатаев. Фильмге Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, актер Дінмұхамед Ахимов пен Болат Әбділманов та қатысып жатыр.

Жобаның идеясын ұсынып, бас продюсері болған – Бағытжан Достанов. Сценарийді жазуға алты ай кеткен. Ал түсірілім жұмыстары алдын ала жоспар бойынша бір жарым айға созылады.

Төремұрат Тайлыбекұлы (1821–1863) – Кіші жүздің Таз руынан шыққан батыр. Ол палуан, мерген әрі домбырашы ретінде танылған. Өтен және Нарынбай батырлармен үзеңгілес серік болып, Ресей отаршыларының саясатына және ел шетіне тиген түрікпен аламандарына қарсы соғыстарда асқан батырлығымен көзге түскен. Көрсеткен ерлігі үшін есімі Таз руын жігерлендіретін ұранға айналған.

Бұған дейін Маңғыстауға әйгілі актер Джеки Чан келіп, «Құдай сауыты» франшизасының төртінші фильмін түсіріп кеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз