Елде 17 мың шақырым электр желісі жөнделді

Жарияланды 13 Қазан 2026 09:23

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Ең ауқымды жұмыстар Ақмола облысында істелген/ shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Елімізде күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында электр желілерін күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Kursiv.media.  

Биыл 17,1 мың шақырым электр беру желісі, 444 қосалқы станция және 3,4 мыңнан астам тарату және трансформаторлық пункт жөндеуден өткен.

Жөндеу жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жүргізілді. Ең ауқымды жұмыстар Ақмола облысында істелді. Мұнда 2,6 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 49 қосалқы станция және 555 тарату және трансформаторлық пункт жөнделді.

Павлодар облысында 2 444 шақырым электр беру желісіне, 52 қосалқы станцияға және 609 тарату және трансформаторлық пунктке күрделі жөндеу жүргізілді.

Ал Жамбыл облысында 1,8 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 63 қосалқы станция және 316 тарату және трансформаторлық пункт жөндеуден өтті.

Бұл жөндеулер электр желілерінің жылыту маусымында тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған.

Оқи отырыңыз: Қазақстан ЖИ арқылы энергетика нысандарын дрондардан қорғамақ

Сондай-ақ оқыңыз