Үкімет қолдады: ауыр жүк көліктердің жолда жүруіне шектеу қойылуы мүмкін

Қазақстанда 25 және 40 тонна жүк таситын карьерлік жүк көліктерінің жалпыға ортақ жолдармен жүруіне шектеу қойылуы мүмкін, деп хабарлайды Kursiv.media.
Сонымен қатар мұндай «самосвалдарға» арнайы мемлекеттік нөмір беру көзделіп отыр. Бұл ұсыныстар жол құрылысының сапасын арттыру жөніндегі жұмыс тобы әзірлеген шаралар тізіміне енген.
Respublica партиясының мәліметінше, Үкімет ұсыныстарды қолдап, жауапты мемлекеттік органдарға тиісті өзгерістер әзірлеуді тапсырған. Өзгерістер жол құрылысына пайдаланылатын материалдардың сапасын бақылау мен құрылыс барысына қадағалауды күшейтуді де қамтиды.
Қазақстанның өңірлерінде битум маркасы өзгереді
Бұдан бөлек, 1 қарашадан бастап елдің оңтүстік өңірлерінде 50/70 маркалы битум, ал солтүстік және орталық аймақтарда 70/100 маркалы битум қолдану көзделген. 70/100 маркалы битум жұмсақ әрі иілгіш келеді.
Бұған дейін депутат шектеуді алып тастауды ұсынған
2025 жылғы қарашада Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы салмағы 25 тоннадан асатын үш осьті самосвалдардың қозғалысына қойылған тыйымды алып тастауды ұсынған еді. Депутаттың айтуынша, қолданыстағы шектеулер шамамен 36,5 мың көлікке әсер етіп, құрылыс саласына, ауыл шаруашылығына және коммуналдық қызметтерге қиындық туғызуы мүмкін.
Тағы да оқыңыз: Астанаға транзиттік жүк көліктерінің кіруіне тыйым салынды.