Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясы президентіне шапан жапты

Жарияланды 13 Қазан 2026 16:36

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
фото: ktf.kz

Алматыда халықаралық теннис қауымдастығының World Tennis форумы өтіп жатыр.

Жиынға 137 елдің ұлттық теннис федерациясы мен спорт ұйымдарының өкілдерін қосқанда 230-дан астам делегат қатысып жатыр. Алматы әкімдігінің хабарлауынша, іс-шарада Халықаралық теннис федерациясының (WTF) президенті Дэвид Хаггерти II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. 

Одан бөлек Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Дэвид Хаггертиге шапан жапты.

Айта кетейік, «Достық» ордені президент жарлығымен халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді. 

Бұған дейін Қазақстанда үстел теннисін дамытуға қосқан үлесі үшін халықаралық үстел теннисі федерациясының президенті Петра Cёрлинг II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыз