Биыл жәрдемақы мен зейнетақы төлеуге бюджеттен қанша қаражат жұмсалды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Биыл жәрдемақы мен зейнетақы төлеуге бюджеттен қанша қаражат жұмсалды
Биыл жәрдемақы мен зейнетақы төлеуге бюджеттен қанша қаражат жұмсалды / фото: shutterstock

Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2026 жылғы 13 қазанда Үкімет отырысында бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, сондай-ақ өңірлерді қолдауға бағытталған қаражат көлемін атады, деп хабарлайды Kursiv.media.  

Министрдің нақтылауынша, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98%-ға орындалған. Қаржыландыру көлемі 26,2 трлн теңгені құрады.

«Республикалық бюджеттің орындалуы 99,6%-ға жетті. Шығыстар көлемі 19,6 трлн теңгені құрады. Оның ішінде 5,3 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, 4,4 трлн теңге өңірлерді қолдауға, ал 2 трлн теңге нақты секторды қолдауға бағытталды. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттердің орындалуы 96,3%-ды немесе 11,9 трлн теңгені құрады. Орындалмаған шығыстар көлемі – 458,4 млрд теңге», – деді Мәди Тәкиев.

Мәди Тәкиев келесі қаржы жылында өңірлерге берілетін трансферттер көлемі 1,2 трлн теңгеге артатынын атап өтті.

Айта кетейік, биылғы қаңтар-қыркүйек айларында трансферттерді есептемегенде, мемлекеттік бюджеттің кірісі 20,2 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,8 трлн теңгеге көп.

Сонымен қатар салық түсімдері бір жылда 3 трлн теңгеге өсіп, өсу қарқыны 130,3%-ды құрады.

Сондай-ақ оқыңыз