Өскемендегі студенттер жатақханасында өрт шықты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Өскемендегі студенттер жатақханасында өрт шықты / Фото: Shutterstock

Өскемен қаласындағы студенттер жатақханасының тоғызыншы қабатындағы бөлмеден өрт шықты. Тілсіз жау 16 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

ТЖМ мәліметінше, өрт 30-шы гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан жатақханада болған. Жатақхана әкімшілігі тұрғындарды жедел эвакуациялаған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеді.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Өскеменде үш қабатты тұрғын үй өртеніп, 8 адам эвакуацияланған еді.

Сондай-ақ оқыңыз