Бектенов желтоқсанға дейін автожол саласын жаңартуға қатысты ұсыныс енгізуді тапсырды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: shutterstock

Елде жол құрылысы нормаларын жаңартумен айналысатын үкіметтік жұмыс тобы құрылды.

Үкіметтің хабарлауынша, жұмыс тобы жол құрылысы жүйесі мен оның сапасын бағалау тәсілдерін қайта қарау, стандарттар мен құрылыс нормаларын жаңарту міндеті жүктелген.

Жұмыс тобын премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев басқарады. Ішіне көлік, өнеркәсіп және құрылыс, қаржы, ішкі істер, экология және табиғи ресурстар, энергетика министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокурорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, «Мемсараптама» РМК, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдері, сондай-ақ сала сарапшылары мен Құрылтай депутаттары кірді.

Осылайша премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы 2026 жылдың 1 желтоқсанына дейін автожол саласын түбегейлі реформалауға қатысты ұсыныстар әзірлеуі қажет.

Айта кетейік, елде бір шақырым асфальт жол салуға 500 млн теңге кетуі мүмкін. Ал төрт жолақты магистральды реконструкциялаудың жарияланған бағасы 2 млрд теңгеден асады. 

Сондай-ақ оқыңыз