Өскеменде өрт шыққан тоғыз қабатты үйден 12 адам құтқарылды
Жарияланды

Өскемен қаласы Момышұлы көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында өрт шықты, деп хабарлайды Kursiv.media.
ТЖМ ақпаратына қарағанда, пәтерде жиналған заттар мен жиһаз жанған.
«ТЖМ күштері оқиға орнына жедел жетіп барлау және өртті сөндіру жұмыстары барысында құтқарушылар автосатының көмегімен түтін басқан аймақтан 12 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарды», – делінген ақпаратта.
Өрт қысқа уақыт ішінде сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Мұның алдында Өскемендегі студенттер жатақханасында өрт шыққан еді.