Бельгия королі мен патшайымы Алматыдағы Ядролық физика институтына барады
Жарияланды

Бүгін, 14 қазанда Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Алматыға келді, деп хабарлайды Kursiv Media.
Бельгия королі мен патшайымы Алматыдағы сапар бағдарламасына бірнеше нысанды араламақ. Атап айтқанда, король Филипп пен патшайым Матильда Ядролық физика институтына барады. Сондай-ақ Haragun ат спорты клубының аумағында орналасқан этноауылға барып, қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерімен танысады.
Бұдан бөлек, мәртебелі меймандардың Алматыдағы Заманауи өнер музейіне баруы да жоспарланған.
Еске салайық, Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген. Бұған дейін оларды Астана әуежайында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алған еді.