Үкімет сұранысты сақтап қалмақ: сарапшы құрылыс саласы тоқырап тұрғанын айтады

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Баспана нарығын неше тоқырап тұр / Фото: shutterstock

Ресми есептерде құрылыс саласы экономиканың басты драйвері ретінде көрсетілгенімен, бұл сала тоқырауды бастан кешіп отыр. Осыған байланысты үкімет басшысы тұрғын үй бағдарламалары бойынша алғашқы жарнаны төмендетуді тапсырды. Бұл шара баспанаға деген әлсіреген сұранысты жандыру үшін қажет болып отыр, деп жазады Kursiv.Media.

Ресми статистика мен нарықтағы шындық

Биыл ел экономикасы 4,2 пайызға өсіп, құрылыс саласы алдыңғы қатардан көрінді. Мемлекет 2029 жылға дейін ауқымды жоспарлар қабылдап, тұрғын үй санын арттыруды көздеп отыр.

Алайда сарапшы Диляра Сейітнұрованың айтуынша, көрсеткіштер қарапайым халыққа баспана алу оңай екенін білдірмейді.

Мемлекеттік жобалар секторды көтеріп тұрғанымен, жеке құрылыс халықтың қалтасына және девелоперлердің мүмкіндігіне тікелей тәуелді.

Баспана бағасын шарықтататын үш себеп

Қазір нарыққа бірнеше ауыр салмақ түсіп тұр. 2026 жылдан бастап қосылған құн салығы 16 пайызға дейін көтерілген. Бұл өз кезегінде тұрғын үй бағасының 14-20 пайызға қымбаттауына әкеледі.

Құжат талаптары қатаңдап, шағын және орта компаниялардың жұмысы қиындай түсті. Салдарынан қолжетімді баспана ұсынысы азайып жатыр.

Халыққа өз жинақтарын алғашқы жарна ретінде пайдалану бұрынғыдай оңай емес. Бұл да баспана алу мүмкіндігін едәуір шектеп тастады.

Қазіргі таңда заңды түрде сатылатын үйлердің көлемі екі есеге қысқарды. Барлық мәміленің 70 пайызы тек қолма-қол ақшамен жүзеге асады.

Бұл адамдардың ипотека алуға шамасы жетпейтінін көрсетеді. Сарапшы егер талаптар осылай қатаңдай берсе, құрылыс көлемі азайып, жаңа үлескерлердің мәселесі туындауы мүмкін екенін айтады.

Биыл Қазақстанда баспана саудасы бәсеңдеді. 2026 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 406 мәміле тіркелді. Бұл тамыздағы көрсеткіштен 1,1%-ға, ал былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 14,3%-ға аз.

Сондай-ақ оқыңыз