1,1 млн теңгеге дейін: ең жоғары жалақы алатын мамандар белгілі болды

Қазақстанда қай мамандық иелері ең жоғары және ең төмен жалақы алады? Ұлттық статистика бюросысының зерттеуіне сүйенсек, ең көп табысты ұйым басшылары мен инженерлер тапса, ең аз жалақы алатындар қатарында аспаздар мен күзетшілер тұр, деп жазады Kursiv.media.
Аналитиктер сәуір айында жүргізген зерттеуде қосымша төлемдер, үстемеақылар, сыйақылар, салықтар мен зейнетақы аударымдары ескерілген. Нәтижесінде мекемелер мен кәсіпорындардағы қызметкерлер саны 3 миллионнан астам адамды құрады: оның 1,6 миллионы – ерлер, 1,7 миллионы – әйелдер.
Биыл елде аз жалақы алатындар азайып, керісінше табысы жоғары азаматтардың үлесі артқан. Мамандардың айтуынша, айлығы 100 мың теңгеге де жетпейтін қызметкерлердің үлесі 2,3 пайызға дейін азайды. Ал 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейін табатындар 39,3 пайызды құрады. Ай сайын 300 мың теңгеден астам жалақы алатын қазақстандықтардың үлесі артып, 58,4 пайызға жеткен.
Номиналды жалақының оң динамикасы барлық мамандықтар бойынша, соның ішінде өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету саласы қызметкерлерінде де тіркелді.
Жекелеген мамандықтар мен лауазымдар бойынша жалақы:
Елдегі орташа айлық есептелген жалақы мөлшері:
- Ұйым басшылары – 1,1 млн теңге;
- Инженерлер – 702 мың теңге;
- Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы инженерилері – 645 мың теңге;
- Инженер-технологтар – 617 мың теңге;
- Инженер-энергетиктер – 615 мың теңге;
- Техниктер – 314,7 мың теңге;
- Дәрігерлер – 491,4 мың теңге;
- Фармацевтер – 347,7 мың теңге;
- Фельдшерлер – 313,6 мың теңге;
- Медбикелер – 264,6 мың теңге.
Бухгалтерлердің орташа айлық жалақысы 398,6 мың теңгені, автокөлік жүргізушілерінікі – 328,1 мың теңгені, аспаздардікі – 192,6 мың теңгені, ал күзетшілердікі 174,2 мың теңгені құрады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1 млн теңгеден жоғары жалақы алатындар қанша